Сайттан іздеу
Негізгі бет рус қаз

Экономика
және құқық
академиясы

Алматы қ., Егізбаев к-cі, 13, Тел.394-06-11, 394-06-07
 
    Тіркелу
Абитуриентке   Студентке   Оқытушыға

Колледжге қабылдау ережесі

Білім алу мекемесіне оқуға түсу Типтік ережелердің негізінде ұсынылған және бекітілген, техникалық және кәсіби білім оқу бағдарламаларын ұсынатын, Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің № 587 2007 жылдың 29 қараша айында шыққан бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінде № 5030 2007 жылдың 10 желтоқсан айында тіркелген ( Қазақстан Республикасының білім және ғылыми Мииистрлігінің № 289 2008 жылдың 21 мамыр айында бұйрықтарымен өзгертулер және толықтырулар жасалған, Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінде № 5225 2008 жылдың 29 мамыр айында шыққан бұйрықпен тіркелген, Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінде №5716 2009 жылдың 07 шілде айында шыққан бұйрықпен тіркелген).
  1. Жалпы ережелер

 1.  Экономика және құқық Академиясының  жанындағы колледжге негізгі орта білімі ( негізгі білімі, жалпы орта білім(орта білім), техникалық және кәсіби ( басты кәсіби және орта кәсіби), жоғары ( жоғары кәсіби) білімі бар  Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының ұлты қазақ емес азаматтар  және Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес  шетел азаматтары және тұрақты  тіркеуде тұрмаған азаматтар  оқуға қабылданады.

2.  Білім беру мекемелерге оқуға  түскен кезінде Қазақстан Республикасының Ұкіметінің шешімімен   № 296 2008 жылдың 28 наурыз айында   бекітілген  « Білім беру мекемелеріне  оқуға түскен кезде техникалық және кәсіби оқу бағдарламаларды, орта білімнен кейін және жоғары білімнен  кейін негіздейтін оқу бағдарламаларды іске асыртатын  квоталарды қарастыру»  бағдарламасы мына жағдайларда қарастырылады:

  • I және  II топ мұгедектер, туылғаннан мұгедектер, мүгедек – балалар;
  •  Соғыс ардагерлеріне және соғыс  мұгедектеріне  қарастырылатын жеңілдіктерге теңестірілген азаматтар;
  •  Ауылдардың  әлеуметтік –экономикалық дамуын қарастыратын осы ережелердің № 1 қосымшасында қарастырылған мамандықтар бойынша  ауылдық жастарына;
  • Қазақстан Республикасының азаматтары емес қазақ ұлтты азаматтарға;
  •  Ата –ананың қамқорлығынан айырылған  жетім –балаларға;

3. Техникалық және кәсіптік ( бастапқы кәсіби, орта кәсіби), жоғары ( кәсіби жоғары) білім бар азаматтар  білім мекемелеріне тиісті оқу бағдарламалар негізінде   оқудың қысқартылған түрлеріне оқуға қабылданады.

2. Тиісті құжаттарды қабылдау және қабылдау емтихандарды ұйымдастыру

4.  Білім мекемелерінде  азаматтардан   білім алу  арыздарды қабылдау,  түсу емтихандарды өткізу және оқушылар құрамына еңгізу мақсатымен 2010 жылдың 01 маусымнан жұмыс атқаратын  қабылдау комиссиясы құрастырылған.

5.   Қабылдау комиссияның оқуға қабылдау және  арыздарды қабылдау,  оқуға тұсу емтихандардың тізімі   оқуға түсушілердің назарына алдын ала айтылады.

6. Білім алу мекемесіне азаматтардан арыздарды қабылдау:

 20 маусым айынан бастап 20 тамыз айына дейін  орта деңгейлі  мамандарды дайындау бағытының  техникалық және кәсіби білім оқу   бағдарламалары  бойынша қабылданады, ал оқудың сыртқы бөліміне 20 маусымнан бастап 20 қыркүйек айына  дейін қабылданады.

 Техникалық және кәсіби білім бағдарламалары бойынша   мамандықтың  кең түріндегі кадрларды  және аралас кәсіптер бойынша мамандарды дайындау  бағдарламалар бойынша 20 маусымнан бастап 20 тамыз айына дейін,  оқудың кешкі түріне  20 маусымнан бастап 20 қыркүйекке дейін.

7. Оқу орындарына  оқуға түсуге  арналған арызбен бірге мына құжаттар тапсырылады:

  •   Алған білім тіралы құжаттың тұпнұсқасы,
  •  № 086У үлгісінде медициналық анықтама (I  және  II топ мүгедектері және туылған кезінен мүгедектер – медициналық - әлеуметтік экспертизаның қорытындысын);
  • 3х4   6 фотосүрет;
  •  Оқуға түсушінің төлқұжаты;
  • Оқудың  ақылы түріндегі   оқылатын   оқуға түсушілер  қабылдау комиссиясында  арнайы параққа арыз толтырады.

8. Біріңғай тесттің сертификатын тапсырған азаматтар ( өткен жылдың түлектері,   осы жылы жоғары оқу орындарына түсу үшін комплекстік тестке қатысқандар) немесе БҰТ  көрсеткіштері туралы сертификатты ( біріңғай ұлттық тестке қатысқан жалпы білімі бар тұлектер)  оқуға тұсу емтихандарынан босатылады  және  конкурсқа  12 пункте көрсетілген ережелер бойыша жіберіледі.

Орта деңгейлі техникалық және кәсіби білім бағдарламалар бойынша  оқуға түсушілердің оқуға түсуге арналған емтихандар:

  • таңдаған мамандыққа сай кемейтін жалпы орта, техникалық және кәсіби білімі бар азаматтар – үш пәннен (қазақ  немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және  мамандықтың түріне сай пән бойынша);
  •  Негізгі орта білім –  негізгі орта   біліммнің оқу    бағдарламаларының көлемінде екі пәннен (қазақ  немесе орыс тілінен және мамандықтың түрі бойынша пәннен)

 Типтік ережелерінің 2 қосымшасына   сәйкес   мамандық бойынша тапсырылатын пән анықталады:

 0201000 «Құқықтану»  мамандығы бойынша:

 9  сынып негізінде -  Құқық негіздері

 11 сынып негізінде – Дүниежүзілік тарих

 0516000 «Қаржы (салалар бойынша)», 0515000 «Менеджмент», 0518000 «Есеп және аудит», 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамсыздандыру» мамандықтар  бойынша:

9 сынып  негізінде - Математика

11 сынып негізінде – Математика

 Тапсыру емтихандардың түрі: тест

  Экономика және құқық Академиясының жанындағы колледжге  оқуға түсушілер емтихандарды қазақ және орыс тілдерінде тапсырады.

9. Орта деңгейлі мамандарды дайындау мақсатымен техникалық және кәсіби білім алу бағдарламалар бойынша азаматтарға  оқуға түсу емтихандар: оқудың күндізгі түріне 01 тамыз айынан бастап 28 тамызға дейін, оқудың сыртқы түріне 01 тамыз айынан бастап 25 қыркүйек айына дейін өткізіледі.

Оқуға түсу емтихандарды   тест түрінде өткізген кезде  әр пән  бойынша  тесттік сұрақтардың (тапсырмалардың) саны -30; әр бір тест тапсырмасына берілген дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады;  үш пән бойынша тесттілеуге  2 сағат 15 минут беріледі, ал екі пән бойынша – 1 сағат 30 минут беріледі; тесттің қорытындысы өткізілген күні хабарланады.

10.  Тест тапсырмаларын  бағалаған кезде  талаптарға сай емес және тұсініксіз жағдайларды шешу үшін, білім мекемелеріне оқуға түсушілердің құқығын қорғау мақсатымен аппеляциялық комиссия құрылады.  Тестілеудің немесе емтихандардың   көрсеткіштерімен келіспеген   азаматтар   аппеляцияға арыз бере алады.    Аппеляция қабылдау комиссияна оқуға түсу емтихандардың қорытындысы айтылғаннан кейін бір тәуліктің ішінде айтылуы тиіс және   арыз берушінің қатысуымен аппеляция қарастырылады.

11. Тестті қайта тапсыруға рұқсат жоқ.

3.    Оқушылар құрамына еңгізілу тәртібі.  

12. Азаматтарды білім беру  мекеменің оқушылар құрамына еңгізу тәртібі  азаматтардың берген арыздары бойынша  конкурс   негізінде атқарылады.

  Орта деңгейлі мамандарды даярлау мақсатымен  техникалық және кәсіби  оқу бағдарламалар бойынша  оқитын оқушылар құрамына еңгізу конкурс  негізінде оқудың күндізгі түріне 25 тамыз айынан бастап 30 тамызға дейін, оқудың сыртқы түріне – 15 қыркүйек айынан бастап 30 қыркүйекке дейін болады.

 Конкурс мына  талаптар бойынша өткізіледі: Қазақстан Республикасының  жоғары оқу орындарына түсуге арналған комплекстік тесттілеу түрінде өткізілген ҰБТ сертификатындағы ұпайлардың көрсеткіштерінің негізінде,  экономика және құқық

Академиясының жанындағы колледжінде  өткізілген тесттің  ұпайлардың негізінде.

  Оқуға түсу конкурсты өткізген кезде  ҰБТ сертификаттарда немесе  біріңғай

 тесттілеу кезінде алынған ұпайлар Ережелердің №8  бабына  сәйкес кезде үш пәндер бойынша  алған ұпайлардың саны ескертіледі.

 Колледждің оқушылар құрамына еңгізу конкурсына  мына азаматтар  қатыстырылмайды:

  • Негізгі  жалпы білімі бар, екі пәннен 20 ұпайдан кем алғандар;
  •  Жалпы орта білімі бар, үш пәннен 30 ұпайдан кем жинағандар

13. Экономика және құқық Академиясының жанындағы колледждің оқушылар құрамы

   мамандықтар бойынша, оқудың түрлері, оқудың  қай тілде оқытылатындығы бойынша қабылдау комиссияның ашық отырысында жасалынады.

 

 

 

 

 

 

 

2010-05-12
Алматы қ., Егізбаев к-cі, 13, Розыбакиев к. қиылысы Тел.394-06-11, 394-06-07
© 2010 Экономика және құқық академиясы. Барлық құқық қорғалған.