Конференциялар |
- 1999 жылы 19 мамыр күні экономика және құқық Университетінде «Қазақстан және әлем XXI ғасырдың басында» атты бірінші ғылыми –студенттік конференция өткізілді. Оның басты мақсаты жастардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру: студенттің ғылыми және жан –жақты даму , логикалық мәдениетті даму; студенттердің шығармашылық потенциалын дамыту; араласу мүмкіншіліктерді және шығармашылық қабілеттерді дамыту. Әр түрлі секцияларда Университеттің 82 студенті түрлі тақырыптарға жазылған баяндамаларды оқыды.
- 2000 жылы 15 мамыр күні - «XXI ғасырға - сапалы білім және жоғары кәсіптік деңгей» атты Ұлы Отан соғысының 55 –жылдығына арналған ғылыми –тәжірібиелік конференция өтті. Конференцияның алдында келесі мақсаттар қойылды: студенттерге ғылыми –ізденістік тәжірібие жинақтау, пәндер бойынша білімдерді тереңдету, ғылыми зерттеу барысында студентердің мүмкіншіліктерін ары қарай дамыту. Барлығы конференцияда студенттердің жазған 90 баяндамасы тындалды. Заң факультетінің бірінші курс студенті Каирғалиев М. жазған баяндамасы «Экономика және құқық Академиясының ғылыми жазбалары» атты журналға шығарылуға үсынылды.
- 2001 жылдың 18 мамыр күні - Қазақстанның тәуелсіздігінің 10жылдығына арналған «XXI ғасырға – сапалы білім және жоғары кәсіптік» атты үшінші студенттік ғылыми –теориялық конференция өтті, конференцияда экономика және құқық Академиясының 129 студенті қатысты. Ең жақсы баяндамалар I, II, III дәрежелі Дипломдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
- 2002 жылы 23 мамыр күні экономика және құқық Академиясында «Ақпараттық дәуір: қоғам, экономика, мәдениет» атты халықаралық ғылыми –теориялық конференция өтті. Аталған конференцияда Қазақстанның атақты ғалымдары ( ҚР ҰҒА академиктері Зиманов С.З., Баймаханов М.Т., профессор Таджиханов У.Т), Қырғыстанның ( профессор Ишимов Б.Б.), Өзбекістанның (заң ғылымдарының докторы, профессор Таджиханов У.Т.). қатысты. Осы конференцияның ағымымен студенттердің баяндамалары тындалды. Жалпы конференцияның жұмысында 185 мамандар қатысты. Конференцияның мәліметтері бойнша баяндамалар жинағы жарық көрді.
- 2003 жылы 24 сәуір күні – «Білім, ғылым және жастар саясаты: келешекке көзқарас» атты жоғары оқу орындарының арасындағы ғылыми –теориялық конференция өтті. Конференцияның жұмысында аль –Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттері, Санкт –Петербургтің профсоюздар университетінің Алматыдағы филиалының студенттері, Қазақ гуманитарлық заң университетінің студенттері, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің студенттері және экономика және құқық Академиясының студенттері (барлығы -124 студенттер) қатысты. Ең жақсы баяндамалар «Экономика және құқық Академиясының ғылыми жазбалары» журналында жарық көрді, Құрмет грамоталарымен және құнды сыйлықтармен марапатталды.
- 2003 жылы 25 сәуір күні – «Қазақстан Республикасының демократиялық мемлекет ретінде даму перспективалары және негізгі қиындықтары» атты республикалық ғылыми –теориялық конференция өтті. Пленарлық отырысында заң ғылымының докторы, профессор Кенжалиев З.Ж. « Қазақстанның демократиялық мемлекет ретінде даму ерекшеліктері» атты баяндамамен, Алматыдағы ОБСЕ адамзатты өлшемдеу орталығының бөлім меңгерушісі Фабрицио Виельмини « ОБСЕ адамның құқықтары мен демократия саласындағы стандарттар» атты баяндамамен және тағы басқа экономика, заң, саясаттану, философия салаларындағы ғалымдар баяндамалар оқыды. Конференцияда 64 мамандар баяндамалар оқыды.
- 2003 жылдың 20 қараша айында экономика және құқық Академиясында Европалық ұйыммен бірлесіп «Демократизация и права человека в Казахстане» тақырыпқа Дөңгелек үстелдің отырысы өткізілді. Европалық бірлестіктің адамның құқықтарын қорғау саласы бойынша баяндамамен Қазақстандағы Европалық комиссияның Өкілеттілігінің бірінші хатшысы Джон Пенни сөйледі. Екі отырыстың барысында 16 қатысушы сөз сөйледі. Дөңгелек үстелдің қадірлі қонақтары ретінде Европалық ұйымның Европалық комиссияның Өкілеттілігінің саясаттану сұрақтар бойынша аналитик Алессандро Лиамине; ОБСЕ адамдар өлшемдерінің бөлімінің меңгерушісі Берн Халвиарсон; ҚР Италияның Посольствасының екінші хатшысы - Эмилио Лолли; Ұлттық демократиялық институттың өкілеті (АҚШ)– Тушгинбаев М болды. Сол күні, 2003 жылдың 20 қараша айы, Академияда Ұлттық ақша жүйесінің мерейтойына байланысты Дөңгелек үстелдің отырысы өткізілді. Осы отырыста Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Заң департаментінің құнды қағаздарды және зейнетақы жинақтау ұйымдарды реттеудегі заңдық басқарушылықтың Басқармасының бастығы Максимова Н.Ю.; ҚР Ұлттық банкінің Заң департаментінің банктермен және де қаржы мекемелерімен заң саласы бойынша жұмыс атқару басқармасының бастығы Казкаманова Н.К.; ҚР Ұлттық банкінің нақты ақшамен жұмыс атқару бойынша Басқармасының ақшаны экспертизалау бөлімінің бастығы Жумабеков Е.И. және Академияның оқытушылары мен студенттері сөз сөйледі.
- 2004 жылдың 27 мамыр күні экономика және құқық Академиясында «Қоғамдағы өзгертулердің негізінде экономика, құқық, мемлекет» атты халықаралық ғылыми –теориялық конференция өтті. Осы конференцияда белгілі ғалымдар және қоғам қайраткерлері қатысты: Қазақстанның ( заң ғылымының докторлары Мухамеджанов Э.Б., Нуртаев Р.Т., Абдрасулов Е.Б.), Рессейдің, Германияның (Сирус Салими –Аср), Египеттің (Хишам Халел) және Монголиядан келген (Цэрэндорж Тимур). Конференцияға қатысқандардың саны – 115 баяндамашы. Конференцияда оқылған баяндамалар бойынша ғылыми мақалалардың жиынтығы шығарылды.
- 2004 жылдың 28 мамыр күні - жоғары оқу орындарының арасындағы «Қоғамдағы өзгертулердің негізінде экономика, құқық, мемлекет» атты студенттік ғылыми –теориялық конференция өтті. Студенттік конференцияның жоғары оқу орындарының арасындағы көрсеткіштің ретінде аль –Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінен, АЗА, Каз МЗУ, Санк –Петербургтің гуманитарлық профсоюздер университетінің Алматылық филиалының, ҚР ІІМ Академиясының және де экономика және құқық Академиясының баяндамашылардың қатысуымен өтті. Конференцияға қатысқан студенттердің ғылыми баяндамалары Құрмет грамоталарымен, қатысу сертификаттарымен және сыйлықтармен марапатталды.
- 2005 жылдың 25 мамыр күні - халықаралық ғылыми –теориялық және жоғары оқу орындарының арасындағы «Қазақстан және бүкіләлемдік қоғам: тарихтың, экономиканың, құқықтың өзекті мәселелері» атты студенттік конференция өтті. Конференцияда Қазақстанның белгілі ғалымдар және қоғам қайраткерлері қатысты (заң ғылымының докторлары Ударцев С.Ф., Бусурманов Ж.Д., Сарсембаев М.А., Толеубекова Б.Х., саясаттану ғылымының докторы ЗайниеваЛ. Ю.), Египеттен келген (доктор Фади Ахмед Варид), Польшадан ( ҚР Польша Республикасының посолы Владыслав Ян Соколовский) қатысты. Конференцияның қонағы ретінде ҚР Польша Республикасының өкілеттілігінің хатшысы Ян Дрождж болды. Жоғары оқу орындарының арасындағы студенттік конференцияны өткізу көрсеткіші ретінде «Әділет» Жоғары құқық мектебінің, ҚР ІІМ Академиясының, Т.Рыскулов атындағы Қазақ ұлттық университетінің, экономика және құқық Академиясының студенттердің баяндамалары болды. Конференцияның жұмысында 90 баяндамашылар болды. Конференцияның мәліметтері бойынша ғылыми мақалалардың жиынтығы шығарылды. Конференцияға қатысқан студенттердің ғылыми баяндамалары Құрмет грамоталарымен, қатысу сертификаттарымен және сыйлықтармен марапатталды.
- 2006 жылдың 27 сәуір күні экономика және құқық Академиясында Қазақ Ұлттық Аграрлық университетімен бірлесіп «Қазақстан Республикасының құқық жүйесінің және экономикасының дамуы» атты халықаралық ғылыми –териялық конференция өткізілді. Конференцияда Қазақстанның атақты ғалымдары, саяси және қоғам қайраткерлері (заң ғылымының докторы Високовичине Бируте), Венгрия Республикасынан келген (Дьердь Хеди – ҚР-ндағы Веегрия Республикасының Посолдың көмекшісі, ҚР –ында Венгрия Республикасының Өкілетілігіндегі экономикалық –сауда сұрақтары бойынша Советнигі – Янош Рока) қатысты. Аталған студенттік конференциясының жоғары оқу орындарының қатысу деңгейі аль –Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінен, Санкт –Петербургтың профсоюздер университетінің Алматыдағы филиалынаң, ҚР ІІМ Академиясының және экономика және құқық Академиясының студенттерінің қатысуымен өтті. Конференцияның мәліметтері бойынша ғылыми мақалалардың жиынтығы шығарылды. Конференцияға қатысқан студенттердің ғылыми баяндамалары Құрмет грамоталарымен, қатысу сертификаттарымен және сыйлықтармен марапатталды.
- 2007 жылы 26 сәуір күні – «Қазақстан Республикасының экономикалық және құқықтық саясаты: өзекті мәселелері, қорытындылар, болжамдар» атты халықаралық ғылыми –теориялық конференция және жоғары оқу орындар арасындағы студенттік конференция өтті. Аталған конференцияда Қазақстанның, Румынияның, Германияның, Қырғыстанның атақты ғалымдары мен саяси тұлғалар қатысты: Қазақ –неміс университетінің ректоры, профессор Бодо Лохман; ҚР Румынияның Елшісі Василе Соаре; заң ғылымының докторы Ибраева А. С., Қазақ –неміс университетінің оқу бөлімінің проректоры Московченко О.Д. Аталған студенттік конференциясының жоғары оқу орындарының қатысу деңгейі аль –Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінен, Санкт –Петербург гуманитарлық профсоюздер университетінің Алматылық филиалынан, ҚР ІІМ Академиясының студенттерінің қатысуымен жоғарлады. Конференцияның жұмыс барысына 59 оқытушы және 108 студент қатысты. Конференцияның мәліметтері бойынша ғылыми мақалалардың жиынтығы шығарылды. Конференцияға қатысқан студенттердің ғылыми баяндамалары Құрмет грамоталарымен, қатысу сертификаттарымен және сыйлықтармен марапатталды.
- 2008 жылдың 24 сәуір айында – экономика және құқық Академиясының 10 –жылдығына арналған халықаралық ғылыми –теориялық және жоғары оқу орындарының арасындағы студенттік конференция өткізілді.
|
2010-04-06 |
|
|
| Конференция |
|
|
Алматы қ., Егізбаев к-cі, 13, Розыбакиев к. қиылысы Тел.394-06-11, 394-06-07
© 2010 Экономика және құқық академиясы. Барлық құқық қорғалған.
|
|