- 2009 жылы қыркүйек айында Академияның және колледждің бірінші курс оқушыларын студенттер қатарына қосылуына арналған мереке өтті.
- 2009 жылдың қазан айында Академияның және коллдждің барлық топтарында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбына тәрбие сағаттары өткізілді.
- 14 қазан күні Академияның және колледждіңстуденттерінің қатысуымен «Терроризм – себептері және адамға деген қасіреттері» атты «дөңгелек үстел» өтті.
- 21 қазан күні Академияның студенттері және колледждің оқушылары «Черный квадрат» (КТК телеарнасы) атты телебағдарламаның редакциясымен кездесті. Студенттер мен оқушылардың алдында бағдарламаның жұргізушісі Тараканов В.И. сөз сөйлеп, бағдарламаның қызықты көріністерін көрсетті.
- 26 қазан күні Академияның үлкен залында орыс бөлімінің үшінші курстың оқушыларының құрама командаларының қатысуымен «Я и закон» атты интеллектуалдық ойын өтті. Қызықты ойында КПР -303 тобының құрама командасы - капитаны Тлешев М.- жеңіске жетті. Жеңімпаздарға құрмет грамоталары және сыйлықтар берілді.
- 27 қазан күні Академияның үлкен залында «Мен және заң» атты интеллектуалдық ойын өтті. Ойынға қазақ тобының үшінші курс оқушылары қатысты. Жеңіске - КҚТ -301 тобының оқушыларыжетті.
СПИД –ке қарсы кұрес айдарының негізінде мына шаралар өткізілді:
- «СПИД – не спит» атты плакаттардың көрмесі ұйымдастырылды.
- Академияның және коллдждің барлық топтарында «СПИД –ХХ ғасырдың қасіреті» атты тәрбиелік сағаттар өткізілді.
- Медициналық институттың 6 курс студенттері коллдждің 1,2 курс оқушыларымен мультимедиялық техникалық құралдарды пайдаланып СПИД туралы тәрбиелік сағатты өткізді.
- Академияның кітапханасында « Сенің өмірің – сенің талдауың» атты кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды.
- 12 қараша айында Академияның үлкен залында «Право и эрудиция» атты интеллектуалдық ойын өтті. Осы ойынға қатысуға «Адилет» заң колледждің үшінші курс оқушылары, Қазақ экономикалық –гуманитарлық университетінің Құқық және экономика колледждің оқушылары шақырылды. Ойынның барысында оқушылар аң саласында өздерінің жақсы білімдерін көрсетіумен бірге, өздерінің тарих, география, өнер саласындағы білімдерін көрсете алды. Сайыста «Адилет» заң колледждің командасы жеңіске жетті. Барлық ойын қатысушылар сыйлықтармен, құрмет грамоталарымен марапатталды. Ерекше сыйлыққа жеңіске жеткен команда – команданың барлық мүшелері экономика және құқық Академиясында бірінші курс көлемінде тегін оқи алады!
- 24 қарашада Академияның үлкен залында студенттік дисскуссиялық клубтың мүшелері «Гендерное равенство: проблемы и иллюзии» атты диспут өткізді. Диспутқа оқытушылар мен студенттер қатысты.
- 26 қараша күні Академияның үлкен залында «Құқық және білімдарлық» атты интеллектуалдық ойын өтті. Осы ойынға экономика және құқық Академиясының жанындағы коллдждің құрама командасы және заң коллдждің құрама командалары қатысты. Қиын сайыстың жеңімпаздары – заң коллдждің командасы болды және олар ерекше сыйлыққа ие болды – экономика және құқық Академиясында тегін оқи алады!
- 2010 жылдың 12 ақпан айында Академияның үлкен залында жастардың арасындағы ең сүйікті мереке «День Святого Валентина» аталып өтілді. Осы мерекенің бағдарламасында – «Мисс и Миссе Валентинки». Сайыстың арасында Академияның студенттерінің және колледждің оқушыларының қатысуымен концеррт берілді.
Ұлы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеу қарсаңында өткізілген шаралар:
- 7 мамыр күні Академияның үлкен залында колледждің оқытушылары Байниязова Г.А., Алькенова К.С. және колледжің оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған «Соғыс деген немене?» атты әдеби музыкалық кеш өткізілді.
- 11 мамыр күні Академияның үлкен залында «Юные дарования» атты театрдың ( жетекшісі – оқытушы Калиева Н.Ш.) коллдждің оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған «Мы помним» атты бірінші қойылымы көрсетілді.