Сайттан іздеу
Негізгі бет рус қаз

Экономика
және құқық
академиясы

Алматы қ., Егізбаев к-cі, 13, Тел.394-06-11, 394-06-07
 
    Тіркелу
Абитуриентке   Студентке   Оқытушыға

Магистратураға оқуға түсуге арналған ережелер

2009-2010 оқу жылына экономика және құқық Академиясының магистратурасына оқуға қабылдау ережелері Қазақстан Республикасының 1999 жылы 07 маусым айында шығарылған «Білім туралы» Заңына сәйкес, Типтік Ережелер негізінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының магистратураларына қабылдау, Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрдің № 354 29 мамыр 2003 жылы шыққан бұйрығымен бекітілген ( ҚР Білім және ғылым Министрлігінің 2004жылы 05 маусым айында шыққан бұйрықтың негізінде өзгертулер еңгізілген)

1.     Негізгі  ережелер

  1. Экономика және құқық Академиясының магистратурасына  Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және  азаматтығы жоқ, жоғары  кәсіби білімдері бар азаматтар қабылданады.
  2.  Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының  магистранттар   контингенттінің қалыптасуы  ғылыми –педагогикалық кадрларды даярлау   мақсатымен мемлекеттік тапсырыс бойынша және оқу төлемін заңды және  жай тұлғалардың төлеуімен жұргізіледі.
  3.   Басқа мемлекеттерінің қазақ ұлтты азаматтарының Қазақстан  Республикасының  азаматтарымен тең жоғары  ғылыми –педагогикалық білім алуға құқықты.  Қазақстан Республикасында  шет мемлекет азаматтары және азаматтығы жоқ  азаматтар Қазақстан Республикасының  азаматтарымен  тең  жоғары  ғылыми –педагогикалық білім алуға Қазақстан Республикасының  тіркелген заңдар негізінде, халықаралық келісімшарттар негізінде және Қазақстан Республикасының білім мекемелерімен келісімшарттар негізінде білім алуға құқылы. Шетел азаматтары және тұрақты азаматтығы жоқ азаматтар Қазақстан Республикасында бағыттылған халықаралық келісімшарттар  негізінде жоғары оқы орындарындағы магистратураларға қабылданады.
  4.   Магистратураға оқуға түсуге арналған емтихандарды өткізуге және магистратураға қабылдауға арналған Академияда  пәндер бойынша емтихандар және аппелляциялық комиссиялар құралған. Олардың құрамы және  атқарылатын міндеттер экономика және құқық Академиясының ректорының бұйрығымен бекітілген.

Қабылдау комиссиясы магистратураға  түсу кезіндегі туындайтын басқа да сұрақтарды шешуге құқылы.

  5. Экономика және құқық Академиясындағы магистратурасында  мына мамандықтар бойынша құжаттар қабылданады:

                          6N0301 – «Юриспруденция»

                          6N0506 – «Экономика»

     6. Осы мамандықтар бойынша  түсу емтихандар бойынша  арнайы бағдарламалар, емтихандарды өткізу   ережелер және студенттердің білімін бағалауға арналған бағалардың жүйесі  құрастырылған.

2010-05-12
Алматы қ., Егізбаев к-cі, 13, Розыбакиев к. қиылысы Тел.394-06-11, 394-06-07
© 2010 Экономика және құқық академиясы. Барлық құқық қорғалған.